Геннадий Николаевич Балаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геннадий Николаевич Балаев 1940 жылы 24 шілдеде Ақтөбе қаласында туған. Орыс. Әкесі - Балаев Николай Димитриевич, марқұм, КСРО Халық әртісі. Анасы - Соколова Евгения Ивановна, марқұм, ӨзКСР Халық әртісі. Самарканд Мемлекеттік музыкалық училищені (1961) балалар музыкалық мектебінің оқытушысы, концертмейстер, пианист мамандықтары бойынша; Ташкент мемлекеттік театр және кино институтының Самарқанд филиалын (1962) театр және кино актері мамандығы бойынша; Ташкент мемлекеттік консерваториясының фортепиано кпасы бойынша үш курсын бітірген. 1962 жылдан бері - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері. «На дне» (Актер), «Пока она умирала» (Игорь), «Танго» (Стомиль), «Тот, кто получает пощечины» (Тот), «Отдам в хорошие руки добрую старую собаку (Воробышек)» (Гриша), «Король Лир» (Герцог Бургундский), «Свадьба Кречинского» (Кречинский), «Кин IV» (Кин) және басқа да рөлдерді спектакльдерде орындайды. «Мосфильм» киностудиясының «Перекличка» (капитан Лунин), «Чокан Валиханов» (кадеттер корпусының бастығы) кинофильмдерінде, «Қазақфильм» киностудиясының «Шегіртке» телесериалында (Гордей), «Груз 001» фильмде «Толобайки» әзіл-сықақ хабарында рөлдер ойнаған. Киноактерлөр одағының хатшысы (1992). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі. «Ерен еңбегі үшін» (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің алғыс хатын алған. Діни көзқарасы - православиелік христиан. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Демократиялық тәуелсіз мемлекет». Хоббиі - классикалық музыка, тау шаңғысы, шығыс жекпе- жегі. Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия, саяси детективтер. Үйленген. Жұбайы - Балаева-Мелешко Нина Семеновна. Қызы - Наталья (1964 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub