Галина Әбіләкімқызы Молдакәрімова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Галина Әбіләкімқызы Молдакәрімова 1956 жылы 1 шілдеде Алматы облысының Қапшағай қаласында туған. Қазақ.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін бітірген (1979), оркестр әртісі, оқытушы, концерттік орындаушы. «Қобыз әуендері» (1999), «Қобыз үйрену мектебі» (2004) әдістемелік оқу құралдарының; «Қобызға арналған шығармалар» (2008) пьесалар жинағының авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1974 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының студенті. 1979 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушы аспапшысы. 1992 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы қобыз және баян кафедрасының доценті міндетін атқарушы, 1993 жылдан - доценті. 1998 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы қобыз және баян кафедрасының профессоры.

ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1981). ҚР Халық әртісі (1991). Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік». Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Қосбасаров Базархан Әбуұлы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. Қызы - Молдакәрімова Гауһар Базарханқызы.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub