Галина Яковлевна Беспалова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Галина Яковлевна Беспалова 1952 жылы 18 наурызда Павлодар қаласында туған. Украин. Әкесі - Беспалов Яков Филиппович, зейнеткер, етікші болған. Анасы - Курень Мария Андреевна, зейнеткер, жұмысшы болған.

Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің кескіндеме-педагогикалық бөлімін (1973) бітірген, суретші-оқытушы.

1973 жылдан - Павлодар қаласы жарнамалық-ақпараттық бюросының суретші-безендірушісі.

1974 жылдан - Павлодар қаласы Трамвай басқармасының суретші-безендірушісі.

1978 жылдан - Павлодар қаласы көркемсурет-өндірістік шеберханалардың суретші-безендірушісі.

1979 жылдан - қосарлау бойынша Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебінің кескіндеме, сурет, сәндік-қолданбалы өнер пәндерінің оқытушысы.

1999-2002 жылдары - Павлодар көркемсурет колледжінің оқытушысы.

Суретші-кескіндемеші, график, батик, портретші, монументші, модельер. Павлодар облыстықбейнелеу өнері мұражайындағы (1968,1981, 1984), Екібастұз қаласына арналған (ГРЭС-1 жұмыскерлерінің графикалық портреттер сериясы, 1984), Павлодар қаласы 65 жылдығына арналған есептік көрме (2003), Инновациялық Еуразиялық университеттің «Өнердегі жаңалық» халықаралық конференциясының (Павлодар қаласы, 2006), Дизайнерлердің бірінші халықаралық конкурсы (Алматы қаласы, 2007) көрмелеріне қатысты.

ҚР Суретшілер одағының көрме залында (Павлодар қаласы,1997), «Айна» көркемсурет галереясында (Павлодар қаласы, 1997), Офицерлер үйінде (Ульяновск қаласы, 1998), Екібастұз қалалық өлкетану мұражайында (Екібастұз қаласы, 2002), Халықаралық әйелдерге зорлық көрсетуді жою күніне орай эротикалық графиканың көрмесі (Павлодар қаласы, 2004), «Махаббат ойындары» графикалық жұмыстарының (Павлодар қаласы, 2004), «Қанатты әйел-2» (Алматы қаласы, 2005). жеке көрмелерін өткізді. РФ ШЖМ қарасты Ресейлік халықаралық ғылыми және мәдени қызметтестік орталықта, Павлодар қаласы ҚМҮ және ПМУ, Астана қаласы «Бейбітшілік және келісім сарайында» «Жібек жолы» коллекциясының модельдер көрсетілімін өткізді. Жұмыстары Қазақстан, Белоруссия, Германия, Ресей, Франция, Түркия, Израильдің жеке коллекцияларында сақталуда. ҚР Суретшілер одағының (2000 жылдан), ҚР Суретшілер ассоциациясының (2007 жылдан); Павлодар қаласы Іскер әйелдер ассоциациясының (2002 жылдан), Астана қаласы «Шабыт» шығармашылық интеллигенциясының мүшесі (2007 жылдан). Әйгілі адамдардың портреті үшін Павлодар қаласы әкімі сыйлығының лауреаты (1998). Д.П. Багаев атындағы «фотоөнердің дамуына қосқан үлесі үшін» (2009) құрмет медалі мен дипломымен, «Мода сала- сындағы өнер мен дизайнға әкелген жаңалығы үшін», «Жібек жолы Pret-a-porte жаздық киім коллекциясын жасағаны үшін» РФ ШЖМ қарасты Ресейлік халықаралық ғылыми және мәдени қызметтестік орталықтың дипломымен (2006), «Мейірімді істер» халықаралық конкурстың «Мода театры» номинациясы бойынша 1-ші дәрежелі лауреат дипломы мен сертификатымен (Санкт-Петербург қаласы, 2009), «Creative world» бірінші халықаралық дизайнерлер конкурсының қатысушы дипломымен (2007) марапатталған. Pret-a-porte номинациясы бойынша «Жібекжолы» коллекциясы үшін «Сымбат» сән академиясының медалі мен сертификатын алып, 2-ші орынға ие болды.

Діни көзқарасы - православиелік. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Зор және жарқын болашақ». Хоббиі - бағбаншылық, би, музыка, коньки, шаңғы, атыс, астрология, жүзу, Стрельникова бойынша гимнастика, тігіс, тақырыпты фотосессиялардың режиссурасы. Сүйіп оқитын әдебиеті - классика.

Жесір. ¥лы - Максим (1976 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub