Вячеслав Константинович Ким

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кәсіпкер Вячеслав Константинович Ким – кәсіпкер, меценат. 1969 жылы Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік университетін, Ресей-Қазақстан Гуманитарлық университетін бітірген. 2005-2006 жылдары «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ атқарушы директоры, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі қызметін атқарған. Kaspi Bank-ке дейін «Электроника әлемі» жекелеп сату дүкендер желісінің тең иеленушісі және «Каспий Инвестициялық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болған. Бүгінгі таңдағы оның алға қойған міндеті – Орта Азиядағы ең үздік жекелеп қызмет көрсету банкін құру. 14.12.2006 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін – «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы; 12.01.2012 ж. бастап 20.02.2014 ж. дейін – «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың Бас директоры; 03.03.2014 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін – «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; 2014 жылғы 21 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – «Колеса» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі; 2015 жылғы 17 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – «kaspi» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; 2015 жылғы 17 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – «Алсеко» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы; 2015 жылғы 17 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – «BRASSET» ЖШС Байқаушы кеңесінің Төрағасы. 2007 жылдың ақпан айынан «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстанның таэквондо Федерациясының төрағасы.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref> «Аналар үйі» қайырымдылық жобасының қатысушысы.<ref>KaspiBank Директорлар кеңесі http://www.kaspibank.kz/kaz.php?ft=245&type=307</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}