Вячеслав Борисович Колпаков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Колпаков Вячеслав Борисович (27.8.1937 жылы туған, Удмуртия, Можга қаласы) – актер, Қазақстанның халық аристі (1983); 1972 жылдан Қазақстанның еңбек сіңрген артісі). 1956 жылы Қорған театры жанындағы студияны бітірген. Осы театрдың құрамында 1963 жылға дейін қызмет етті. 1963 – 66 жылдары Челябі қаласындағы театрда, 1966 жылдан Қостанай облысыыстық орыс драма театрында актер болды. Алғашқы ойнаған рөлі – В.М. Куршонның “Тамаша құйма” спектакліндегі Костя (1957). Оның орындаған рөлдері қатарында Лопахин, Устин (М.А. Шолоховтың “Полк келе жатыр” және “Көтерілген тыңы” бойынша), Максим Скрипка (С.С. Смирновтың “Мен көрген адамдарында”), Денис (В.А. Соловьевтың “Денис Давыдовында”), Пифагор (А.А. Дударевтің “Үйіндісінде”). Көбінесе, өткір мінезді рөлдерде ойнауымен ерекшеленді.Колпаковтың көп қырлы актерлік дарыны Глумов (А.Н. Островскийдің “Ұлық болсаң – кішік болында”), Прозоров (А.П. Чеховтың “Апалы-сіңлілі үшеуінде”), Цыганов (А.М. Горькийдің “Жауыздарында”), Мышкин (Ф.М. Достоевскийдің “Нақұрысында”), Осип (Н.В. Гогольдің “Ревизорында”), Аким (Л.Н. Толстойдың “Қараңғылық патшалығында”), Жантық (Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлуында”), Яго, Глостер (У.Шекспирдің “Отеллосы” мен “Король Лирінде”), Дон Алонсо, Дон Педро (П.Кальдеронның “Махаббатпен ойнауға болмайдысында”) сияқты әр алуан рөлдерді орындауда айқын байқалды. “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдермен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}