Владислав Витальевич Поляков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владислав Витальевич Поляков - 1983 жылы 30 қарашада Петропавл қаласында туған.

Әкесі - Поляков Виталий Алексеөвич, кәсіпкер. Анасы - Полякова Ғалия Рифкатқызы, кәсіпкер.

Орыс, ағылшын және қазақ (ауызекі) тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан).

«Динамо» спорт қоғамының мүшесі (2003 жылдан).

200 м қашықтаққа брасс әдісімен жүзуден Әлем кубогының қола жүлдегері (Нью-Йорк, 2004); 100 және 200 м қашықтықтарында ұзақ суда брасс әдісімен жүзуден АҚШ чемпионатының жеңімпазы (2004); 100 және 200 м қашықтықтарында қысқа суда брасс әдісімен жүзуден Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Индианаполис, 2004), 100 және 200 м қашықтықтарында брасс әдісімен жүзуден АҚШ чемпионатының (2005), 200 м қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден АҚШ студенттік чемпионатының (2005) жеңімпазы; 100 және 200 м қашықтықтарында брасс әдісімен жүзуден Олимпиада ойындарына қатысып, 5-орын алған (Афина, 2004); 200 м қашықтықтақта браспен жүзуден ашық Америкалық ойындардың чемпионы (2004,2005); Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының күміс жүлдегері (2005).

Суға жүзуден халықаралық санаттағы спорт шебері.

Діни көзқарасы - христиан.

Хоббиі - компьютер, музыка.

Бойдақ.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub