Владимир Ченсонович Ли

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Владимир Ченсонович Ли 1944 жылы 13 қарашада ӨзКСР Хорезм облысы Гүрлен ауданы «Коммунизм» ұжымшарында туған.

  • Еңбек Қызыл Ту орденді ие Артем атындағы Днепропетровск тау-кен институтын бітірген (1968), мамандығы - «Пайдалы қазбалар кенін іздеу мен барлаудың геофизикалық тәсілдері», тау-кен инженер-геологы. Жарияланған мақалалары бар.
  • 1968 жылдан - шығыс Қазақстан геологиялық басқармасының Березовск геологиялық барлау экспедициясының инженер-геофизигі. 1970 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1972 жылдан - Семей геологиялық барлау техникумының оқытушысы. 1973 жылдан - Қазақ темір жолының Жамбыл бөлімінің 9-шы сумен қатамасыз ету белімінің инженері. 1975 жылдан - Қазақстан аэрогеологиялық және геофизикалық экспедициясының дала партиясының инженер-геофизигі, аға геофизигі. 1979 жылдан - Ақтөбе геофизикалық экспедициясының партия басшысы. 1982 жылдан - ҚазҒЗГИ Ақтөбе бөлімінің тәжірибелі-әдістемелік отрядының техникалық жетекшісі тектоника зертханасының аға ғылыми қызметкері. 1998 жылдан - «АқтөбҒЗГИ» АҚ мұнай мен газ геологиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 2010 жылдан бері - «АқтөбҒЗГИ» АҚ бас орынбасары.Қазақстандық делегациясының құрамында ХМК 33-ші сессиясының жұмысына (Осло қ., Норвегия, 2008); Оңтүстік Әлібек, Башенкел, Сарқырамабас, Шығыс Ақжар, Борқылдақты нысандарында КҚШ кендерін табу жұмысына ГБЖ жобаларының авторларының бірі ретінде қатысқан.
  • «Қазақстан мұнайына 100 жыл» өңір белгісімен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}