Владимир Федорович Власюк

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Федорович Власюк 1942 жылы 25 сәуірде Көкшетау облысы Петровка ауылында туған. Украин.

Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (1962) кескіндемеші мамандығы бойынша; Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетін (1969) бейнелеу өнері, сызу және еңбекке баулу пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының кескіндеме профессоры (1994 жылдан). Доцент.

Акварельші. Пейзаж және натюрморт жанрларында жұмыс істейді. «Тасқын» (1999), «Айзенах» (2007), «Қапшағай» (2007), «Мешіт» (2008), «Күн сәулесі» (2009) және т.б. жүмыстардың авторы. Халықаралық (Германия, АҚШ, Қытай, Ресей); республикалық көрмелердің қатысушысы. 6 жеке көрмесін өткізді. Жұмыстары Италия Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет министрлігінде, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Германия, АҚШ, ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония, Венгрия, Голландия, Канада елдерінің жеке коллекцияларында сақталуда.

1959 жылдан - орта мектептің бейнелеу өнерінің оқытушысы.

1969 жылдан - Семей педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетінің оқытушысы.

1971 жылдан бері - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының кескіндеме кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, көркемсурет және графика факультетінің деканы, станокты кескіндеме кафедрасының меңгерушісі, кескіндеме профессоры.

ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1993 жылдан). КСРО ХШЖК алтын медалімен (1989), «1941-1945 жылдарындағы ¥лы Отан соғысы Жеңісінің жиырма жылдығы» медалімен (1965), Кипр қаласы аквабиенналенің күміс медалімен (1985) марапатталған. КСРО Ағарту ісінің үздігі (1990).

Діни көзқарасы -христиан. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы- Ш. де Голль. Қазақстанның болашағы туралы болжамы «Демократиялық мемлекет». Хоббиі - саяжайда жұмыс, компьютер, иттер. Сүйіп оқитын әдебиеті - А.П. Чехов.

Үйленген. Жұбайы - Михайлова Н.А. (1961 жылы туған), доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетінің графика және дизайн кафедрасының меңгерушісі. Ұлдары - Власюк Александр Владимирович (1970 жылы туған); Власюк Дмитрий Владимирович (1974 жылы туған). <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub