Владимир Степанович Бубенко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Владимир Степанович Бубенко 1954 жылы 16 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының Надежка ауылында туған. Орыс.

Целиноград ауылшаруашылық институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін бітірген (1976), инженер-механик.

1971 жылдан - Целиноград ауылшаруашылық институтының студенті. 1976 жылдан - СҚО Булаев ауданының Калинин атындағы кеңшарында аға диспетчер. 1977 жылдан - СҚО Булаев ауданы «Молодежный» кеңшарының МТШ меңгерушісі, кеңшардыңбас инженері. 1979жылдан - СҚО Булаев аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1980 жылдан - Кеңес Әскөрінің қатарында қызметте.

1982 жылдан - СҚО Булаев ауданы «Медвежинский» кеңшарының бас инженері. 1984 жылдан - СҚО Соколов аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас инжене- рі. 1986 жылдан - СҚО Соколов аудандық ААӨБ төрағасының орынбасары, МТС базасының басқарушысы. 1990 жылдан - СҚО Соколов ауданының ААӨБ төрағасы. 1992 жылдан - СҚО Соколов аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары - СҚО ААӨБ төрағасы. 1995 жылдан - СҚО Соколов ауданы әкімінің бірінші орынбасары. 1997 жылдан - СҚО Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары. 2003 жылдан - СҚО Қызылжар ауданының әкімі. 2004 жылдың қаңтарынан - СҚО әкімінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаменті бастығының бірінші орын- басары (Петропавл қ.). 2004 жылдың шілдесінен - СҚО Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары. 2007 жылдан - СҚО Есіл ауданының әкімі. 2010 жылдың сәуірінен бері - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі. «Құрмет» орденімен (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы майор. Діни көзқарасы - «Христиан дінін мойындаймын». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жақын келешекте Қазақстан дамудың барлық көрсеткіштері бойынша әлемдік көшбасшыға айналады». Хоббиі - балық аулау.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи шығармалар. Үйленген. Жұбайы - Бубенко Людмила (1954 ж. т.), педа- гог. Ұлдары - Бубенко Вадим (1974 ж. т.), Бубенко Сергей (1984 ж. т.); қыздары - Агай Оксана (1979 ж. т.), Бубенко Юлия (1998 ж. т.). <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub