Владимир Сергеевич Школьник

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Сергеевич Школьник (17 ақпан 1949 жылы туған, Ресей, Мәскеу облысы Серпухов қалысы) – физика-математика ғылымының докторы, профессор, ҚР Энергетика министрі (25.03.2016 ж. дейінгі), Қазақстан Президентінің кеңесшісі.<ref>Владимир Школьник президент кеңесшісі болып тағайындалды</ref>

Өмірбаяны

  • Еңбек жолын Серпухов радио зауытытында жұмысшы болып бастады.
  • Маңғыстау энергокомбинатында инжинер-физик, зертхана бастығының орынбасары, бас инженер, директордың орынбасары (1973–1992)
  • Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы агенттігінің бас директоры (1992–1994)
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрі (1994–1996)
  • Ғылым министрі – Қазақстан Республикасы ғылым академиясының президенті (1996–1999)
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім беру министрі
  • Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрі
  • Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары (1999–2000)
  • Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды шикізаттар министрі (2000–2006)
  • Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі (2006–2007, 2008–2009)
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілік меңгерушісінің орынбасары (2007–2008) болған.
  • 2009 жылдан «Қазатомкәсіпорын» ұлттық компаниясының президенті.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
  • 2014 жылғы 6 тамызы - 2016 жылғы 25 наурыз аралығында - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі. <ref>Владимир Школьник Энергетика министрі қызметінен кетті</ref>

Ғылыми жұмыстары

  • 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

Марапаттары

  • «Парасат» орденімен (1998) марапатталған.
  • Отан ордені
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ордені
  • Парасат ордені
  • Астанаға 10 жыл медалі.


Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Кәрім Мәсімовтың министрлер кабинеті (2014)