Владимир Николаевич Котов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Николаевич Котов - 1963 жылы 2 қаңтарда Қарағанды қаласында туған. Орыс. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген (1984), жаттықтырушы-оқытушы. Суға жүзуден КСРО спорт шебері (1983). Суға жүзуден ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2006). Жұмыс істей жүріп, суға жүзуден ҚР халықаралық санаттағы 3 спорт шеберін, суға жүзуден ҚР 14 спорт шеберін; сондай-ақ, суға жүзудeн әлем, Азия, ҚР чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері Рыжков Евгенийді тәрбиелеген.

Діни көзқарасы - православиелік.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан әлемнің дамыған 50 елінің қатарына кіреді».
Хоббиі - балық, аң аулау.
Сүйіп оқитын әдебиеті - орыс классикасы.

Үйленген. Жұбайы - Котова Елена Анатольевна (1964 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. ұлдары - Котов Игорь (1985 жылы туған), Котов Илья (1987 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub