Владимир Никифорович Фоменко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Никифорович Фоменко 1941 жылы 14 мамырда Новосібір облысы Веселовск ауданы Лобино ауылында туған. Орыс. Құрманғазы атындағы өнер институтының оркестрлік факультетін бітірген (1970), оркестр әртісі, оқытушы. 1965 жылдан - Алматы қаласы Оперетта театры оркестрінің әртісі. 1970 жылдан - ҚазКСР ән мен би ансамблінің солисі. 1972 жылдан - Ақтөбе музыкалық училищесінің оқұытушысы. 1979 жылдан - Ақтөбе музыкалық училищесі директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары. 1995 жылдан - Ақтөбе музыкалық колледжінің директоры. 2004 жылдан бері - Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы эстрадалық-үрмелі музыка оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері. «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен; КСРО Мәдениет министрлігінің «Үздік еңбегі үшін» (1981) белгісімен; облыстық атқару комитетінің (1988), қалалық әкімшіліктің (1996) құрмет грамоталарымен; Ақтөбе облысы әкімі сыйлығымен (2004) марапатталған. Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген өнер қайраткері. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оң». Сүйіп оқитын әдебиеті - музыкалық әдебиет, классикалық көркем әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Фоменко Наталья Александровна, Ақтөбе музыкалық колледжінің оқытушысы. Қызы - Свердлова Карина Владимировна (1970 жылы туған ).

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub