Владимир Кудратович Дремасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дремасов Владимир Кудратович (30 сәуiр 1937 жыл, Ашхабад қаласы) — ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырушы.

1969 ж. Целиноград ауыл шаруашылық институтын, Целиноград ауыл шаруашылық институтының жанындағы кеңшар және ұжымшар басшыларының республикалық мектебін, КОКП ОК жанындағы Мәскеу жоғары партия мектебін (1976) бітірген.

Қызмет жолы

  • 1966-68 ж. Амангелді кеңшарында зоотехник, Ленин аудандық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары,
  • 1968-70 ж. Корнеев кеңшарының директоры, Тимиряцев аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы,
  • 1971-75 ж. Қазақстан Компартиясы Тимирязцев аудандық комитетінің 2 хатшысы,
  • 1975-77 ж. Жамбыл аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы,
  • 1977-85 ж. Жамбыл аудандық атқару комитетінің төрағасы,
  • 1985-89 ж. Құс шаруашылығы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы өндірістік бірлестігінің бас директоры,
  • 1989-90 ж. облыстық атқару комитетінің төрағасының 1 орынбасары болып қызмет атқарған.
  • 1990 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы «Север» агрофирмасының бас директоры.

Марапаттары

Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен, медалдарымен марапатталған<ref>Солтүстік Қазақстан облысы энциклопедиясы, "Арыс" баспасы, Алматы, 2006</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер