Владимир Дмитриевич Вольховский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Дмитриевич Вольховский (1798, Полтава губерния1841) – Маңғыстауды зерттеуші, генерал-майор (1831).

  • Мәскеу мемлекеттік университетінің пансионатында тәрбиеленген (1811). Осында А.Грибоедовпен достасады. Император патша селосы лицейінде А.С. Пушкинмен бірге оқып, аталған оқу орнын алтын медальмен бітірді (1817).
  • Бас штабқа қызметке тұрып, поручик (1819) атағын алады.
  • 1820 жылы Бұхара экспедициясына қатысып, Орынбор-Бұхара жолын зерттеді, Арынғазы сұлтанмен кездеседі.
  • 18241826 жылдары Орынбор корпусына іссапармен жіберіліп, полк. Ф.Берг экспедициясының ғылыми және әскери барлау ісіне жетекшілік етті. Экспедиция кезінде жолбасшы қазақтардан ауызша сұрап, Маңғыстау, Үстірттің керуен жолдарының бағытын хаттайды. А.О. Дюгамельмен бірге экспедицияның жолын картаға түсіріп, бірнеше шақырымдық карта сурет жасайды. Шолғыншы жасақты бастап, Арал теңізіне барады.
  • 1826 жылы 6 наурызда Сарайшықта декабристермен байланыста болғаны үшін тұтқынға алынып, Санкт-Петербургке тергеу комиссиясына жіберіледі. Комиссия оның көтеріліске қатыспағанын, Бұхара, Үстірт сапарларындағы еңбегін ескеріп, Кавказға жібереді. Вольховский Кавказда Бестужев-Марлинскийге, т.б. декабрист достарына көмектеседі. Лермонтовқа қол ұшын береді. Персия шахымен келісім жүргізуге барады. Пушкин Вольховский есімін көптеген шығармаларында ілтипатпен атаған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Владимир Дмитриевич Вольховский|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}