Владимир Александрович Ермаков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Александрович Ермаков - 1949 жылы 16 шілдеде Көкшетау облысының Константиновка ауылында туған. Орыс. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін (1971) «Тарих жәнө қоғамтану» мамандығы бойынша үздік; С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген (1975). «Казахстан в современном мире» (1998, қайта басылуы - 2001, 2007), «География в вопросах и ответах» (1998, қайта басылуы - 2008), «Краткий словарь предпринимателя» (1994, қайта басылуы - 1998, 2005), «Как организовать свой малый бизнес» (1996, қайта басылуы - 1998, 2001, 2005), «Правовые основы предпринимательской деятельности» (1999, қайта басылуы - 2001, 2005), «Как правильно создать и вести собственный бизнес (уроки для предпринимателей)» (2010) және басқа кітаптардың; «Библиотечка предпринимателя» сериясы бойынша 20-дан астам брошюраның; мемлекеттегі бизнесті дамыту мәселелеріне арналған 100-ден астам мақаланың авторы. Орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі. КОКП мүшесі (1991 жылға дейін). 1973 жылдан - Көкшетау облысының Константиновка ауылында ОМ директорының орынбасары, мүғалімі. 1976 жылдан - Алматы қаласы №43 ОМ директорының орынбасары. 1977 жылдан - Орталық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының тарих жәнө қоғамтану бөлімінің меңгерушісі (Алматы қ.). 1979 жылдан - Алматы облыстық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі. 1981 жылдан - Қапшағай қалалық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі. 1985 жылдан - Қапшағай қалалық партия комитетінің насихат бөлімінің меңгерушісі. 1986 жылдан - Алматы облыстық партия комитетінің Саяси ағарту үйінің кеңес берушісі. 1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы ОК Ғылым және оқу орындары бөлімінің нүсқаушысы. 1988 жылдан - ҚазКСР оқу-ағарту министрінің орынбасары. 1989 жылдан - Апма- ты қалалық партия комитетінің идеологиялық бөлімінің меңгерушісі. 1991 жылдан - Қазақстан Компартиясы ОК идео- логиялық бөлім меңгерушісінің орынбасары, бірінші орын- басары. 1991-201 Ожылдары -«Секрет + Сервис» кәсіпкер- лергө қызмет көрсету орталығының» құрылтайшысы, ди- ректоры -Апматы қаласы кәсіпкерлер мектебінің оқытушы- сы. 2006 жылдан - Республикалық кәсіпкерлік тәжірибеге оқыту орталығының бас директоры. 2008 жылдан - Алма- ты кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры. Алматы кәсіпкерлер қауымдастығының директоры, Алматы қаласының әкімі жанындағы Іскерлік кеңестің, Салық де- партаменті жанындағы қоғамдық кеңестің және т.б. мүшесі. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен; «Комсомолдағы белсенді жұмысы үшін», «Пионерлермен белсөнді жұмысы үшін», «Жастар тәлімгері», Халықаралық «Джуниор Эчивмент» қорының, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» (1999) белгілерімен; «Шағын кәсіп- керлікке үйрету және консалтинг саласындағы үздік нәти- желер» номинациясы бойынша онжылдықтың үздік кәсіпке- рі ретінде мойындалған сертификаттың табыс етілген «Тайқазан» жүлдесімен (2001); ҚР Білім министрлігінің (2000), Апматы қаласы әкімінің (2010), Индустрия және сау- да министрлігінің (2008), Корея Республикасының Ақпарат министрлігінің қүрмет грамоталарымен марапатталған. Республикалық (1981), бүкілодақтық (1982) педагогикалық оқулардың жеңімпазы. Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Діни көзқарасы - «Дінді адам мәдениетінің бөлшегі ретінде қарастырамын». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д.А. Қонаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Елімнің ғы- лыми-техникалық және мәдени прогресте экономикалық және әлеуметтік тұрғыда екпінді дами беретініне нық сенім- дімін». Хоббиі - балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - В. Шукшин, О. Генри, Дж. Лондон, Т. Драйзер және басқалар. Үйленген. Жүбайы - Ермакова Людмила Петровна (1949 ж. т.), «КАМЕЯ» ЖШС директоры. 3 баласы, 4 неме- ресі бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub