Виктор Николаевич Радченко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Виктор Николаевич Радченко 1967 жылы 1 қарашада УКСР Козацкое кентінде туған. Украин. Әкесі - Радченко Николай Пантелеевич, зейнеткер, әскери қызметкөр болған. Анасы - Радченко Любовь Степановна, зейнеткер, үй шаруасында. М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономика университетін бітірген (2006), мамандығы - «Өнеркәсіп кәсіпорындарын электржабдықтау». «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2002 жылдан). 1991 жылдан - «Торғайавиа» АҚ Арқалық әуе кәсіпорнының әуе технигі. 1998 жылдың қазанынан - «Арқалық ЖЭО» КМК кезекші электр монтерінің шәкірті. 1998 жылдың қарашасынан - «Арқалық ЖЭО» КМК кезекші электр монтері, электр цехының ауысым бастығы, 1999 жылдың маусымынан - ауысым бастығының дублері, 1999 жылдың қазанынан - ауысым бастығы, 2000 жылдың сәуірінен - стансаның аға кезекші инженері. 2000 жылдың шілдесінен - «Арқалық ТЭК» КМК стансасының аға инженері, 2001 жылдың маусымынан - бас инженері. 2001 жылдың қарашасынан - «Арқалық ЖЭК» КМК Арқалық ЖЭО директоры. 2004 жылдан - «Арқалық ЖЭК» МКК директоры. 2007 жыл- дан - Арқалық қаласы әкімінің орынбасары. 2009 жылдың тамызынан бері - Лисаковск қаласының әкімі. Арқалық қалалық мәслихаты 3-ші шақырылымының депу- таты (2004-2007). Әскери атағы - аға лейтенант. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақты дамушы, қуатты, гүлденген және әлемде құрметке ие мемлекет». Хоббиі - аңшылық, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи, ғылыми-танымдық әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Радченко Татьяна Анатольевна (1972 жылы туған), жеке кәсіпкер. Ұлы - Радченко Виталий Викторович (1989 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub