Виктор Михайлович Беляев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Виктор Михайлович Беляев (6.2. 1888, Ресей, Төменгі Орал - 16.2.1968, Мәскеу қаласы) - музыкатанушы, өнертану докторы (1944), Мәскеу консерваториясының профессоры (1943). 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Мәскеудегі Өнер тарихы институтының аға ғылым қызметкері. КСРО халықтарының музыкасын зерттеумен шұғылданды. Қазақ музыка фольклорын да зерттеп, бірнеше еңбек жазды. Оның "КСРО халықтары музыкасы тарихының очерктері" деген екі томдық еңбегінің 1-тарауы (1-кітап) "Қазақ халқының музыка мәдениеті" деген атпен қазақ музыкасына арналады. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}