Виктор Вячеславович Храпунов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Храпунов, Виктор Вячеславович —

Қысқаша өмірбаяны

1948 жылы 24 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының Предгорное ауылында туған.

1970 ж. — Өскемен индустриалды техникумын (техник — жылу-технигі).

1977 ж. — Алматы энергетика институтын (инженер-электрик).

Алматы Жоғары партия мектебін саясаттанушы мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын Алматы жылу электр орталығының кезекші слесарь, жөндеу жөніндегі слесарі, шебер болудан бастаған.

Алматы жылу электр орталығы өндірістік-техникалық бөлімінің аға инженер-технологы, жабдықтарды жөндеу жөніндегі қазандық цехы бастығының орынбасары, құбырлар цехының бастығы, ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі, ҚР Энергетика және табиғи ресурстар министрі қызметтерін атқарған.

1997 ж. 2004 ж. желтоқсанына дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.

2004 ж. желтоқсанынан Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2007 ж. қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі.

2007 ж. қарашаның 1 Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың жер ұйымдастыруда өткізілген кемшіліктерге байланысты ұсынысымен мемлекет басшысы жарлығымен Виктор Вячеславович Храпунов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер