Виктор Валентинович Бабенков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Виктор Валентинович Бабенков 1969 жылы 28 тамызда РКФСР Красноярск-45 қаласында туған. Орыс.

  • Анасы - Бабенкова Надежда Леонидовна, зейнеткер, Шевченко қаласындағы химиялық тау-кен металлургиясы зауытында аппаратшы болып жұмыс істеген. Таганрог радиотехникалық институтының «Радиоэлектрондық құрылғылар» факультетін бітірген (1992), радиоинженер. Орыс және ағылшын тілдерін біледі.
  • 1986 жылдан - Таганрог радиотехникалық институтының студенті. 1992 жылдың наурызынан - телеграфия бөлімшесінің 2-ші санатты инженері, 1992 жылдың мамырынан -ЭВМ тобының инженері, 1993 жылдан - Ақтау қаласындағы телеграф-телефон стансасы ЭВМ тобының 2-ші санатты инженері. 1995 жылдан - «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау облыстық телекоммуникация дирекциясының есептеу орталығы бастығының міндетін атқарушы, 1999 жылдан бастығы. 2004жылдан-«АқтауТехВест»ЖШС директоры 2007 жылдан бері - «Waarее Kazakhstan» ЖШС бас директоры. Ақтау қаласындағы Синь-Хо-Мэнь әскери өнер мектебінің ушу бойынша облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарының демеушісі, судьясы. Ушу саньда бойынша 1-ші санатты судья.
  • Әскери атағы - запастағы лейтенант. Хоббиі - спорт, саяхаттар, техника. Үйленген. Жұбайы - Бабенкова Ольга Ивановна, байланыс инженері, қазіргі уақытта уй шаруасымен айналысады Ұлы - Андрей (2000 ж т.); қызы - Екатерина (2003 ж.т) <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}