Вербальды нота

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вербальды нота - мазмұны баса көңіл аударуды қажетсінетін, бірақ жариялауға жатпайтын өте маңызды дипломатиялық құжат. Ертеректе елдер арасында жеке нота кеңінен қолданылатын кезде, мемлекеттер арасындағы вербальды нотаның жүруі олардың қарым-қатынасының аса достық сипатта емес екендігінің белгісі болды. Кейінірек вербальды нота дипломатиялық хат алмасудың нормасына айналып, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың сипатына (жақсы, жаман) аса мән бермеді. Вербальды ноталар агреман (келісім) сұраудан бастап, ақпарат алу, қабылдаушы елге дипломаттардың келу немесе кетуі, виза мәселелері және екі жақты қарым-қатынастың ағымдағы мәселенің кең көлемін қарастырады. Вербальды нота мәтіні үшінші жақтан жасалады. Арнайы нота парағына басылып, шығу реттік саны болады, қол қойылмайды. Нотаның соңына белгілі елтаңбалы мөр басылады. Кейде мөрдің үстіне немесе мәтіннің соңына елшілік жетекшісі өз инициалдарын қояды. Вербальды нотаның төменгі сол жағында мекен-жай мен жіберілу мерзімі көрсетіледі.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Вербальды нота|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}