Вельямин Степанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вельямин Степанов (туған-өлген жылы белгісіз) – Ресей елшісі.


1595 жылы наурызда Тәуекел ханға орыс елшілігін бастап келді. Бұдан бұрын Тәуекел ханның Құлмұхаммед елшілігі жәрдем сұрап, орыс патшасы Федор Ивановичтің қабылдауында Мәскеуде болып қайтқан еді. Ресей қазақ хандарымен одақ құруға мүдделі болды. Олар Тәуекелді Көшімге қарсы қоюға және Орта Азия хандықтарымен, Иранмен келіссөз жүргізуге пайдаланбақ ниетінде болды. Мәскеу патшасының талабы мен қойған шарттары қисынсыз әрі ауыр болғандықтан қабылданбады.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}