Вачакан Рачиевич Власов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вачакан Рачиевич Власов (14.10.1922 жылы туған, Әзірбайжан, Шемахы ауданы, Сегиянауылы) - әскери қайраткер, генерал-майор. Орта мектепті бітіргеннен кейін туған ауылында мүғалім, 1942 жылы 1 қаңтар - 1 тамыз аралығында жеделдетілген Баку жаяу әскер училищесінде курсант болды. Бітіріп шыққаннан кейін Ленинакан қаласына әскери қызметке жіберіліп, взвод командирінен батальон командиріне дейін көтерілді. 1956-59 жылдары Мәскеу әскери академиясында оқыды. Самарқан, Ашхабад қалаларында полк командирінің орынбасары, полк командирі, дивизия бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1970 жылы қайтадан құрылған Алматы Жоғары жалпы әскери командалық училищесінің бастығы болып бекітіліп, осы қызметті құрметті демалысқа шыққанға дейін (1978) атқарды. 1979-84 жылдар аралығында Қазақ КСР ДОСААФ OK төрағасының орынбасары, ал 1984-89 жылдары Республикалық мергендік-спорттық оқу жаттығу клубының бастығы болды.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Вачакан Рачиевич Власов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}