Василий Иванович Зюзин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Василий Иванович Зюзин (15.6.1896, Ресей, Волгоград облысы Даниловка ауданы Орехов слободасы – 7.10.1975, Алматы қаласы) – медицина ғылымының докторы (1944), профессор (1945), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1947), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1943).

Ресейдің Дондағы Ростов қаласындағы Дон (қазіргі Ростов) университетінің медицина факультетін бітірген (1925). 1934 жылдан Қазақстанда тұрып, еңбек еткен. Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтының директоры (1933–41), Алматы мемлекеттік медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) директоры (1943–51), сонымен қатар туберкулез кафедрасының меңгерушісі (1951–64) болды. 1964 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында туберкулез кафедрасын басқарды. Негізгі ғылыми еңбектері өкпе және лимфа түйіндері туберкулезі, оның эпидемиологиясы, клиникасы, одан сақтану және емдеу мәселелеріне арналған. Қазақстанда туберкулез диспансерлерін ұйымдастырды.

«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Василий Иванович Зюзин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}