Вардан Шноркович Чамчиян

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вардан Шноркович Чамчиян (1 қараша 1916 жыл, Тбилиси - 01 қараша 2013 жыл) — қазақстандық ғалым-агроном. Кеңес Одағының Еңбек Ері (1966), Қазақстан, КСР-нің еңбек сіңірген агрономы (1974), 1958 жылдан КОКП мүшесі.

Өмірбаяны

Новосибирск ауыл шаруашылық институтын бітіріп (1944), Краснодар өлкесінде совхозда агроном, Орал облысы., «Перьм» совхозында агроном (1954-1957)6 1957 жылдан осы совхоздың директоры. Чамчиян басшылығымен 1976 ж. совхоз мемлекетке 391 994 центнер астық, 11975 центнер ет, 5838 центнер сүт тапсырды, 2883,3 мың сом таза табыс келтірді.

Сыйлықтары

Ол Ленин ордені, 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені, Қазан Революциясы орденімен, Бүкіл Одақтық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің 3 алтын, 3 күміс медалымен марапатталған<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 94 бет</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер