Бөктеру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Белгілі бір затты қанжығаға байлау түсінігін беретіні әр кімге аян. «Газеттерді бір буда, бөктеріп ап жөнелдің».

Тіліміздегі «қанжыға» сөзі моңғол тілімен ортақ тұлға. моңғолша — ганзга. Дегенмен, кейбір түркі тілдерінде, атап айтсақ, қырғыз тілінде «қанжыга» тұлғасымен қатар, «бөктөргө» сөзі де қолданылады. «Бөктеру» етістігінің осы сөзбен байланысты туғандығы анық. Хакас тілінде: тиргі — қанжыға. Бұл деректі тілге тиек етсек, қырғыз тіліндегі «бөктерге»—екі түбір қосындысы. Олар: «бөк» және «тергө». Енді осы сөздерді түркі тілдерінен іздестіргенде мынадай деректерге тап боламыз. Хакас тілінде: поғ — байлау, байлап тастау; якут тілінде: төргүү — жіңішке қайыс. Бұларды былай қойғанда, тунгус-маньчжур тілдерінде: туру - қайыс. Тұлға жағын (дыбыстық құрамын) былай қойғанда, бұл екі сөздің қосындысы ердің соңғы (артқы) қасына өткізілген заттың тегіне және атқаратын қызметіне де сәйкес келіп, беретін мағынасынан да бірлестік табамыз: поғ + төргүү. Қосылған сөздер қазақ тіліндегі заңдылыққа байланысты және соңғы сөздің алғашқы сөзге ықпалы нәтижесінде «бектергі» болып өзгеруі орынды құбылыс. Бұл сөзді қазіргі тұрғыдан қазақшаласақ — «байлау қайыс» түсінігі туады. Тілімізде «қанжыға» сөзі орныққаннан кейін, «бөктергі» сөзі қысқара түсіп (бөктер), етістік қалпында ғана сақталғандығы аңғарылады.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}