Бөгенді босату және толтыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бөгенді босату және толтыру — гидрографтың қайтуы кезінде реттелген шығынға тең тұсқа келгенде басталған су тасуының сабадан (төменгі деңгейден) кейінгі көтеріле бастап, реттелген шығынға тең тұсқа жеткенде аяқталатын шаралар кешені. Бөгенді босату мен толтыру ұзақтығы, сонымен бірге сәйкес фазалардың ұзақтығы реттеу масштабына тәуелді. Реттеу дәрежесі қаншалықты жоғары болса, фазалар да соншама ұзаққа созылады. Көпжылдық және маусымдық терең реттеуде бөгеннің маусымдық сыйымдылығын есептеу жылында Тм босату бүкіл саба кезеңін қамтиды, ал жылдың баска бөлігінде Тп маусымдық сыйымдылық толтырылады. Бұл жағдайда жыл —жалпы ұзындығы жылға тең фазаларға бөлінеді (Тм + Тп = Тг). Терең емес маусымдық реттеу кезінде тайыздану кезеңінің ұзындығы қысқарады, сонымен бірге бөген өлшемдерінің кіші болуына байланысты толтырылу кезеңі де қысқарады. Бөгеннің маусымдық және көпжылдық реттеу кезіндегі жұмыс шартына сәйкес бірінші жағдайда бөгенді толтыру және босату оралымы бір жылмен, ал екіншіде — біраз жылдар ауқымында тұйықталғанда, жоғарғы іркіліске қарсы (қарсы соғу) сызықтың орны диспетчерлік кестелерде әр түрлі болады. Маусымдық реттеу кезінде бұл сызық бүкіл пайдалы сыйымдылық ауқымында, ал көпжылдык реттеу кезінде — тек қана маусымдык ауқымда орналасады, себебі сыйымдылықтың осы бөлігі ғана ор жылғы су тасу алдында босатылуға арналған. Төменгі іркіліске қарсы сызық маусымдық реттеу кезінде бөгеннің бүкіл сыйымдылығы ауқымында, ал көпжылдық реттеу кезінде негізінен көпжылдық кұрама ауқымында орналасады. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөгенді босату және толтыру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}