Бөгенбай үй тамы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бөгенбай Үйтамы — 19 ғасырдағы архитектуралық ескерткіш, қазақ даласындағы мемориалдық құрылыстарының бірі. Шу өзенінің оң жағасында, Той өткелінен төмен қарай 43 км жерде. 1988 жылы Алматы архитектура және құрылыс институтының экспедициясы (жетекшісі Е. Бәйтенов) зерттеген. Үйтам шикі кірпіштен салынған, тікбұрышты (8,5 х 5,5 м), төбесі түйетайлы. Құрылыстың көлденең қабырғалары ұзын қабырғаларынан биіктеу, орта тұсы жоғары қарай үшбұрыштанып біткен, ішінен қарағанда оның әрқайсысының ортасында аркалы қуыс, жоғарғы жақтарында үшбұрышты ойық бар. Аркалы қуыс ұзын қабырғаларда да бар. Кіретін есік оңтүстік-шығыс бетінде. Ұзын арқалықты (өрлікті) ортадағы мәткелі бағана тіреп тұр. Бір басы арқалыққа, екінші басы ұзын қабырғаларға айқасқан төртқырлы (9х11 см) дөрекілеу өңделген шабақ-бөренелер темір шегелермен бекітілген. Шабақтардың үстіне сырғауылдарды көлденеңінен тастап, оның үстін қамыспен жапқанға ұқсайды.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөгенбай үй тамы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}