Бәтір нан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәтір нан - қамырды ашытпай, жұқалау етіп жайып, майсыз пісіретін нан. Бәтір нан қазақ даласының әр аймағында әртүрлі айтылады (бәтір, пәтір) және дайындалу тәсілі де түрліше. Шығыс өңірде ашытпай илеп, табаға пісірген нанды, Қырғызстанмен шектес тұратын қазақтар тандырға ашытпай жапқан нанды, Қарақалпақстандағы қазақтар қамырға май құйып илеп, ішіне асқабақ, пияз т.б. қосып, тандырға жауып пісірген нанды бәтір нан пэтір деп айтады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Жалпылама

Қамыраның қамыры секілді иленіп, табаның көлеміндей ғып жайып, таба қоламтаға қойылады да, бетіне екінші табаны төңкеріп, оның үстін ыстық қоламтамен жабады. Егер қамыр жақсы ашыған болса, нанның көтеріліп пісуі үшін қамырды жұқалау ғып жайған дұрыс. Бәтір күймей, біркелкі пісуі үшін жайылған нанның бетіне саусақпен немесе қасықтың ұшымен ойықтар салады. Сондай-ақ қос табаның астындағы және үстіндегі қоламтаның біркелкі болуын қадағалау қажет. Қызуы азайған қоламтаға кемілсе, бәтірдің піспей қалуы мүмкін, ал таба шала жанған шоққа кемілсе , ол күйіп кетеді.

Дереккөздер

Сегізбайұлы Кәдірбек С30 Қазақы дастарған – Алматы: ”Атамұра”, 2011. - 192.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бәтір нан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}