Бәтима Зәуірбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зәуірбекова Бәтима (29.8. 1946 жылы туған, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы) – гобеленші, сәндік-қолданбалы өнер иесі. Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі.

Алматы көркемсурет училищесін, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Бәтиманың жас кезінен-ақ сурет өнерін таңдауына ауыл-аймаққа атағы шыққан ісмер анасы Бибіханның әсері мол болған. Ал, гобелен өнеріне жол сілтеген ұстазы – Қ. Тыныбеков.

«Астық жинау», «Мелодия» сияқты алғашқы туындылары өткен ғасырдың 70-ші жылдары Мәскеудегі көрмеде көрсетіліп, жоғары бағаға ие болды. Бұл туындыларынан тіршілік тынысы айшық бояулар арқылы көрсетіліп, күнделікті тұрмыс көрінісі, дүниенің жарасымдылығы жан-жақты байқалыс танытты. Гобелен – кілемдердің бояуларының қанықтығы мен тазалығы автордың жан-дүниесінің нәзіктігін, өмірге деген шыншыл көзқарасы мен махаббатын білдіріп тұрады. Сан түрлі құбылыстарды әсерлеуге құрылған гобелендерді тоқумен қатар сурет өнерін жете меңгерген Зәуірбекова «Әйгерім» атты еңбегінде түр-түстерді мейлінше құбылтып көрсетсе, «Құнарлылық» деп аталатын суретінде өмірдің сәнін келтіретін әйел-ананы аса жоғары дәріптейді. Шығармашылық ой-қиялын шарықтау шегіне жеткізе отырып дүниеге келтірген «Дала мадоннасы» атты еңбегінде көркемдік көріністерді жинақтап көрсетудің ең жоғары үлгісін байқатады. Зәуірбекова көптеген отандық, халықаралық көрмелерге үзбей қатысып аталған еңбектерінен тыс «Көктем», «Жер-ана», «Кешкі Алматы», «Қазақстан кемпірқосағы», «Астық мерекесі», «Береке», «Жас Абай», «Бақыт құстары», «Күй», «Сазгер» сияқты аса ірі, кең ауқымды шығармалары арқылы жоғары бағаланып, сыйлықтар мен лауреаттық атақтарды иеленіп келеді. Оның суреткерлік өнері, тамаша туындылары жайлы шығарылған альбом-кітапта (авт. Ш.Тоқтабаева), Түркияда шығарылған каталогта (1999), «Мелодия» атты деректі фильмде кеңінен сөз болған. Зәуірбекова қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін өзі таңдаған сара өнер гобелен арқылы кеңінен танытып келе жатқан жаңашыл суреткер, шеберлік пен шынайы талант иесі.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бәтима Зәуірбекова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}