Бәкір Баяхунов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Mergeto

Баяхунов Бәкір

Баяхунов Бәкір 1960 жылы профессор Құддыс Қожамияровтың композиция класы мен Құрманғазы атындағы консерваторияны бітіріп, музыкалық білімін шыңдады. 1960 – 63 жылдары П.И. Чайковский атындағы консерваторияда жалғастырды. Мұндағы ұстазы профессор М.М.Чулаки. Мәскеудегі тәжірбиелік жылдары аяқталғасын Алматы консерваториясында музыка теориясы кафедрасына ұстаздыққа тағайындалды. 1983 жылы доцент, 1991 жылы профессорлық атақ берілдіБәкір Яхиянұлы Баяхуновқа 1983 жылы ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1990 жылы халық әртісі атағы берілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай медальмен және 2004 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталынды.Консерваторияны аяқтаған жылы оркестрдің демеушілігімен скрипка үшін концерттік шығармасын жазды. Бұл Бәкір Баяхуновтың алғашқы туындысы. Қазақ тақырыбында «Күй» симфониясы, «Қамбар батыр» және «Ысырман» атты шығармалары, ұйғыр мұқамасы, үнді «Рагесі» полифония орын алған. Оның тәжірбиелік жұмысы шығыс-тық музыкада шеңберленеді. Дүнгендік тақырыпқа Бірінші және Екінші симфониясында көңіл бөлінген. Соңғысында шығарманың орталық бөлімі Қорқыттың бейнесін суреттейді. 1986 жылғы қазақтың студент және жастарының Алматыдағы Желтоқсандық көтерілісі композиторды Үшінші симфониясын шығаруға себепкер етті. Мұнда автор музыкалық фольклор сарынымен өткен уақиға өзінің көзқарасын білдірді. Оның Алтыншы симфониясы «Экологиялық» тақырыпта адамдарды қоршаған ортаны симфониялық сарынмен суреттеді.


әдебиет

  • Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010г



{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}