Бүкіләлемдік экономикалық форум

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) - Давостық форум - халықаралық үкіметтік емес ұйым. Штаб-пәтері Женева (Швейцария) қаласында орналасқан. Дәстүр бойынша БЭФ жыл сайын (әдетте қаңтардың соңында - ақпанның басында) швейцариялық таулы курорт Давоста (бейресми атауын осыдан алған) өткізіледі. 1971 ж. Швейцарияда еуропалық кәсіпкерлердің бейресми араласу клубы ретінде қүрылған. Кейінірек қатысушылар географиясы мен олар талқылайтын мәселелер ауқымы да кеңейді. Күн тәртібінде тек Еуропаны ғана емес, басқа да аймақтарды қамтитын саяси және экономикалық мәселелермен қатар, әлемдік сауда және жаһандық экономика мәселелері, дамушы елдердің қарыздарын өтеу мәселелері қарастырылады. БЭФ басты мақсаты - экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерін шешуге әлемдік қауымдастыққа жәрдемдесу, әлемнің ғаламдық жағдайын жақсарту. БЭФ іскерлік, саяси, зияткерлік әріптестікті дамытуға септігін тигізеді және ғаламдық дамудың маңызды мәселелерін талқылауда әлемдік қауымдастықтың әзге де кәшбасшыларымен әріптестікті көздейді. Оның жүмысына мемлекет және үкімет басшылары, әлемдік бизнес көшбасшылары, кәрнекті ғалымдар, экономистер мен саясаттанушылар қатысады. Бүдан өзге БЭФ жыл сайын әлемнің эр елдерінде аймақтық және үлттық саммиттер әткізеді. БЭФ-ның негізін қалаушы әрі президенті - К. Шваб; 2003 ж. оны германдық "Бертель- сманн" ірі медиаконцернінің басқарушысы Т. Миддельхофф алмастырды. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүкіләлемдік экономикалық форум|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}