Бітім Кезбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бітім Кезбаев 1946 жылы 22 шілдеде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында туған. Қазақ.

  • В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1970) тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
  • 1963 жылдан - «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінің Ерәлиев ірілендірілген құрылымдық-іздестіру партиясында бұрғышының көмекшісі. 1970 жылдан - ҚазМШҒЗИ бұрғылау технологиясы зертханасында аға техник, аға инженер. 1971-1991 жылдары - «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінде бұрғышы, шебер, учаске бастығы, аға инженер, ендірістік белім бастығы, Қарақия мұнай барлау экспедициясының техникал ық жетекшісі, 1977-1980 жылдары - бір мезгілде Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы КСРО Геология министрлігінің «Зарубежгеология» аға инженері. 1992 жылдан бері - «Кезби» ЖШС бас директоры. «Атамекен» кәсіпкерлер одағының 2-ші, 3-ші дәрежелі орденімен; «Ауғанстан соғысының ардагеріне» ескерткіш медалімен, халықаралық «Золотой Феникс» медалімен (2009), 6-шы «КfzStimOilІ» симпозиумының «Сала ардагері», XIII «Ұлттық экономика элитасы» қоғамдық мадақтау салтанатында «Кәсіпкерлікті дамытқаны үшін» (2010).
  • «Кіршіксіз іскерлік абыройы үшін» Graduate Institute of Business and Management «INSAM» медальдарымен бітімгершілік Алтын жұлдызымен (2007); «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «Өзен мұнай кен орнына 40 жыл» белгілерімен; ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» «ҚазМұнайГаз» БӨ» ӨФ, Маңғыстау облысы әкімінің, Ақтау қаласы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚРж ер қойнауының Құрметті барлаушысы. Қайырымдылық көмек көрсетеді.
  • Діни көзқарасы - мұсылман. Үйленген. 4 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}