Бітеме

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бітеме (французша: colmage, италиянша colmata — толу, үйінді)

  1. лайлану;
  2. тұнбалы немесе ұсақ тозаңды бөлшектердің тау жыныстардың қуыстарын табиғи немесе жасанды жолмен жабуы (толтыруы).

Нәтижесінде тау жынысытардың ылғал сыйымдылығы мен су өткізгіштігі нашарлайды; грунттар мен сүзгілердің (ішкі К.) немесе олардың беттері (беттік К.) қуыстарының сүзілу процесі әкелген ұсақ бөлшектер мен химиялық қосылыстармен бітеліп қалуы. Бұл әдетте грунттар мен сүзгілердің су өткізгіштігін азайтады. Кәріз тұнбалануының, оның әрекеті тиімділігінің жеткіліксіздігіне немесе толық істен шығуына әсер ететін негізгі себептердің бірі. Кольматаждың механикалық (грунттар мен сүзгілердің қуыстарына немесе олардың беттеріне ыза су немесе жер беті су ағындары әкелген грунттың үсақ бөлшектерінің шөгуі), химиялық (грунттар мен сүзгілердің қуыстарын немесе олардың беттерін темірдің, марганецтің, аллюминийдің химиялық қосылыстарының бітеп қалуы), биологиялық (грунтгар мен сүзгілердің қуыстарына немесе олардың беттеріне балдырлардың биологиялық массаларының, микроорганизмдердің немесе олардың тіршілік әрекетгері енімдерінің шөгуі (кольматаж) деп аталатын түрлері бар.

Кольматажды пайдалы және бұған кері факторға жатқызуға болады. Судағы жүзбе тасындылардың өзендердің, каналдардың және бөгендердің түбіне шөгуі барысында арна табанының кольматажы орын алады да, сүзілуге жұмсалатын су шығыны азаяды (пайдалы құбьлыс). Көктемде, қар ерігенде және жазғы нөсер кезінде суөткізгіштігі нашар топырақта жердің біршама еңістігі жағдайында ағыңды грунтты жуып-шаяды және ұсақ белшектерді ойыс жерлерге тасымалдайды. Бөлшектердің шөгуіне байланысты ойыстардағы топырақ беті кольматажға ұшырайды. Кольматаждалған қабат арқылы астыңғы қабатгарға судың сүзілуі іс жүзінде тоқтайды да, ойыстардағы су түрып қалады, осыньң саддарынан егістік суға тұншығады (кері әсер). Жасанды кольматажды (грунт қуыстарын сазды бөлшектермен бітеу) канал табанының су өткізгіштігін төмендету үшін оны қаптауға пайдаланады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бітеме|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}