Бір шаңырақ астында (көрме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұражай-қорық қорындағы ШҚО халықтарының материалдық және рухани мәдениеті жөніндегі бұйымдар коллекциясы (326 зат) 2006 жылы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейіне көрмеге қойылды. «Бір шаңырақ астында» көрмесінің салтанатты ашылуына қалалық әкімшіліктің өкілдері, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшелері, сондай-ақ діни бірлестіктердің өкілдері қатысты. «Бір шаңырақ астында» көрмесіндегі діни заттар, сондай-ақ осы жылы Астана қаласындағы Бейбітшілік сарайында өткен Әлем діндері съезінде көрсетілді. Көрме Шығыс Қазақстан халықтарының материалдық және рухани мәдениетімен таныстырды. Облыс аумағында 105 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. ХІХ ғасырдың ортасына дейін Шығыс Қазақстан облысы халқының басым көпшілігін қазақтар құраған. Өлкеде орыс және басқа да жергілікті емес ұлттардың қалыптасуы Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру барысында басталды. Казактар ХҮІІІ ғасыр – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы алғашқы орыс қоныстанушылары болды.

ХҮІІІ ғасырдың бірінші тоқсанында Ертісте қамалдар мен редуттар салынған кезде Ертіс және Колыван-Воскресение желілері пайда болды. Қамалдарға қоныстанған казактар этникалық жағынан біртұтас болған жоқ, олардың арасында орыстар, украиндар, татарлар, поляктар, қалмақтар мен басқа да этностар болды. Сол кезде алғашқы орыс шаруа деревнялары, ал ХІХ ғасыр соңы – XX ғасыр басында – украин, белорус, эстон және неміс қоныстары пайда болды. Сөйтіп Кенді Алтай аумағында қазақтармен бірге басқа да халықтар тұра бастады.

1992 жылдан бастап облыс халықтарының кіші ассамблеясы жанында Достық Үйі жұмыс істейді, ол 42 ұлттық-мәдени орталықтардың басын біріктіруде. Көрмеде Қазақстандағы Украина Жылы құрметіне украин ұлттық-мәдени орталығы «Чаровница» үйірмесінің жетекшісі Раиса Федоровна Авдееваның жұмыстары назарға ұсынылды. Көрмеге дизайнер, киім үлгілеуші-стилист Евгения Михайловна Бражникова қатысқан болатын. Ол «Бурда моден» баспасының 45 жылдығына арналған Алматыдағы республикалық конкурстың жүлдегері (1995 ж.), «Image» үлгі агенттігі өткізіп жүрген облыстық сән фестивалінің (1998 ж.) және басқа да көптеген фестивальдердің лауреаты. Павлов посад кашемир орамалдарын пайдаланған үлгілері Е.М.Бражникова коллекциясының нағыз інжу-маржаны болып табылады.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА