Біріккен ұлттар ұйымының жарғысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біріккен ұлттар ұйымының жарғысы Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі құжаты. 1945 жылы 26 маусымда Сан-Францискода (АҚШ) өткен халықаралық ұйымда құру жөніндегі қорытынды конференцияда қол қойылып, 1945 жылы 24 қазанда күшіне енді. Кіріспеден және 19 тараудан тұрады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарлығында бірінші кезектегі мақсат ретінде халықтар арасындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбіт өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару, агрессиялық және елдердің тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттерге тойтарыс беру, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу екендігі жарияланған. Бүгінгі таңда халықаралық құқықтың аса маңызды құжаттарының бірі болып отырған бүл Жарғыда мемлекеттердің бейбіт өмір сүруі мен ынтымақтастығының басты принциптері, оның барлық мүшелерінің теңдігі, халықаралық көлемдегі ынтымақтастық пен өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принциптері бекітілген. Жарғыда жазылғандай, Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі мақсаты - "адам құқын және баршаға ортақ бостандықтарды нәсілі, жынысы, тілі мен дініне бөлместен құрметтеу" рухында халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Бүл құжатта Жарғы міндеттерін мойындаған, оларды орындауға ниет білдірген барлық бейбітшілік сүйгіш мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше бола алатындығы көрсетілген (4-бап). Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелерінің қалаған уақытта ұйымнан шығуға қақысы бар.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Біріккен ұлттар ұйымының жарғысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}