Біріккен Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біріккен Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті - Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпараттық мекемесі. Бас Ассамблеяның 1946 жылы жазғы сессиясында құрылған. Мақсаты - әлем халықтарын Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі және ұйымдық мәселелері туралы толыққанды ақпаратпен қамтамасыз ету. Штаб-пәтері - Нью-Йоркте. Департамент Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің 80-нен астам қаласында өз бөлімшелерін ашқан. Олар Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін халыққа танытумен қатар, жергілікті тұрғындардың назарын әлемдік мәселелерге аударумен айналысады. 1993 жылы қаңтарда департамент өз бөлімшесін Қазақстанда да ашып, қоғам өмірімен, үкіметтік емес ұйымдар әкілерімен, оқу мекемелерімен, іскер топтармен және бұқаралық ақпарат орталықтарымен байланыс орнатты. Ол республикадағы мерзімді басылымдарға ұйым қызметі туралы хабарламалық бағдарламалар жасауға көмектеседі, Біріккен Ұлттар Ұйымының республикаға келген сарапшы мамандарымен, ресми тұлғаларымен конференциялар, кездесулер ұйымдастырады. Аталмыш құрылым Қазақстан жұртшылығының Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі жөніндегі ой-пікірлерін штаб-пәтерге хабарлап отырады және Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми құжаттарының республикадағы бірден-бір дерек көзі болып табылады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Біріккен Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}