Біріккен Ұлттар Ұйымының еуропалық экономикалық комиссиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біріккен Ұлттар Ұйымының еуропалық экономикалық комиссиясы - Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің арнаулы аймақтық органы. Негізі 1947 ж. қаланған. 1951 жылдан Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты ұйымы құқын алған. Штаб-пәтері - Женевада (Швейцария). Оған 55 ел мүше. Негізгі мақсаты - ұйымға мүше елдердің басқа мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарын дамыту мен нығайтуға қолғабыс тигізу, орнықты дамуды қамтамасыз ететін саясат жүргізу, үкіметаралық ынтымақтастықты нығайту, экономикалық, техникалық, статистикалық ақпараттар жинап тарату немесе осы салаларда көмек беру. Оның құрамында өнеркәсіптің, көліктің, сауданың түрлі салаларын қамтитын тұрақты комитеттер жұмыс істейді. Комиссияның жоғарғы органы - жылына бір рет шақырылатын сессия, атқарушы органы - Хатшылық Комиссияның пленарлық сессиясында ұйымның жалпы саясаты мен жұмыс бағдарламалары қаралады, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне ұсыныстар жасалады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Біріккен Ұлттар Ұйымының еуропалық экономикалық комиссиясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}