Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі конференциялары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі конференциялары - жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары жөніндегі мәселелерді қарайды. Соңғы елу жыл ішінде әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан аймақтық соғыстар, табиғи және экологиялық апаттар, нашақорлық, қарақшылық, жұмыссыздық - бәрі қосылып адам факторына келіп тіреледі. Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларация адамды түріне, тіліне, саяси немесе діни сеніміне, ұлттық немесе әлеуметтік жағдайына, жынысына қарамай тең құқықты санайды. Алайда, осы қағидалар жекелеген мемлекеттер, мемлекеттік тарапынан жиі бұзылады. Сол себептен Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл мәселені үнемі өз назарында ұстап кезекті конференцияларында қарап отырады. 1968 ж. өткен Тегеран конференциясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылдануының жиырма жылдығына арналды. Оған 84 елдің делегациясы қатысып, көптеген мәселелер қаралды. Келесі конференцияға араға жиырма бес жыл салып, 1993 ж. 1 маусымда Вена қаласында өтті. Онда төменгі мәселелерге баса назар аудару керек деп шешілді: 1) дүниежүзі бойынша адам құқы бұзылуын болдырмау үшін жанжақты бақылауды күшейту қажет; 2) адам құқы бұзылған жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы тез арада нақты шара қолдану үшін адам құқы жөніндегі бірінші Жоғарғы комиссар тағайындайды; 3) бейбітшілікті сақтау миссиялары аттандырылған кезде бірінші кезекте адам құқы мен демократия нормалары қорғалуы тиіс. Бұған қоса дамушы елдердегі сауатсыздықпен, аштықпен, және кедейшілікпен күрес, босқындардың мүддесін қорғау қазіргі таңда дүниежүзіндегі ең басты проблемалардың бірі болып отыр.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі конференциялары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}