Білім және мәдениет (телеарна)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телеарна

"Білім және Мәдениет" (орыс. Знание и Культура) — қазақстандық мәдени-танымдық телеарна. Хабар агенттігі АҚ-на кіреді. Алғашқыда "Білім" арнасы деп аталатын, бірақ кейін "Мәдениет" арнасымен ұштастырыла отырып "Білім және Мәдениет" арнасы деп аталды. Арна толқыны 2014 жылы қаңтарда Астанадағы«Қазмедиа орталығынан» таратыла бастады. Радиохабар қазақ және орыс тілдерінде таратылады.

Тарихы

Арна 2012 жылы 5 қыркүйекте елордада Назарбаев Университеті Президенттің тікелей интерактивті дәрісінен таратыла басталды<ref>Н. Назарбаев бірінші қазақстадық танымдық «Білім» телеарнасын іске қосты</ref>.

Тарату

OTAU TV тегін арналар пакетіне кіреді, сондай-ақ Қазақстан заңына сәйкес барлық кабельдік желілері арқылы тасымалданады.

Тікелей эфир желілері

Телеарна жас ұрпақтың білім беру және мәдениет деңгейін көтеру, халықтың адами ресурстарын дамыту үшін жасалған.

Арна басты мүмкіндіктері: қазақстандық және халықаралық ғалымдардың лекцияларын, танымал ғылыми бағдарламалар, білім беру туралы деректі сериялары, білім беру және мәдениеттегі барлық деңгейдегі бағдарламаларын тікелей эфирге шығарады.

Сондай-ақ, классикалық әдебиетін, отандық және әлем тарихын зерттеуге көмектескен, отандық және шетелдік фильмдер «алтын қорына» кірген көркем фильмдерде көрсетіледі.

Сілтемелер

<references/>

Үлгі:Қазақстан телеарналары Үлгі:Хабар агенттігі