Бюрократия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бюрократия - Үлгі:Lang-la - бюро, канцелярия және грек, kratos - күш, билік, үстемдік; канцелярияның билігі] - атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе; қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі. Бүл байланыстар тұйықталған, иерархия заңдылықтарына сай жүргізілетін, заңды және қоғам мүшелерінің еркін белден басатын, әкімшілік нұсқаулар әдісімен басқаратын биліктің қатаң тетігін қалыптастырады. Бюрократия - кез келген ұйымдардың, мемлекеттік аппараттың, басқару құрылымдарының, мекемелердің, фирмалардың туа бітті қасиеті. Кез келген мемлекеттің аппараты бюрократиялық өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде бюрократия билік және басқару жүйесіне, әкімшілік, шаруашылық, құқық қорғаушылық және басқа да аппараттық құрылымдарға "қондырылған" болып шығады. Бюрократияның қоғамдық-экономиқалық құрылымымен, демократиялық үрдістердің дамуымен, мәдениет деңгейімен, адамдардың білімділік деңгейімен, қоғамның өнегелік сипатымен анықталатын ұлттық-мемлекеттік ерекшелігі бар. "Канцелярия билігі" мемле-кеттік билік жүйесінен, оның табиғатынан қашан да тәуелді болады. Билік аппаратын бюрократизациялау мен қоғамдағы демократияның шынайы жағдайының арасында тікелей өзара тәуелділік бар. Бюрократияға арнайы талдау жасаған - Гегель. Оның теориясын К.Маркс дамытты. Бүл мәселе, сондай-ақ М. Вебердің, Т. Вебленнің, Р. Мертонның және т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттелді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}