Бранхиомикоз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бранхиомикоз – балықтың желбезегінің зақымдануымен сипатталатын, жіті өтетін жұқпалы ауру. Ауруды алғаш рет Германияда М. Плен (1992) сипаттаған, кейіннен ол Польшада, Чехославакияда, Ресейде байқалды.

Қоздырушысы

Қоздырушысы – Тұқы балықта, сазанда, табанда – Branchiomyces sanguinis, шортанда – Branchiomyces demigrans, ал қара балықта саңырауқұлақтың аталған екі түрі де ауру қоздырады. Індеттік ерекшеліктері. Бәрінен де 12 жастағы тұқы балық пен сазан жиі ауырады, басқа балықтар сирек шалдығады.

  • Бранхиомикоз тек жазда судың температурасы 22° С – тан жоғары болғанда байқалады. Кенеттен және жаппай білінеді. Инфекция қоздырушысының бастауы – ауырған балықтар, ал жұғу факторы – өлген балықтар мен зарарланған тоғанның түбі. Аурудың шығуына су қоймасының ластануы, судағы оттегінің азаюы ықпал етеді. Бір су қоймасынан екіншісіне ауру қоздырушысы тасымалданған балықпен, аққан сумен келеді. Өлім көрсеткіші 50 – 70% - ға жетеді.

Өтуі мен симптомдары

Бронхиомикоздың жаппай білінуі 512 күнге созылады. Ауырған балық қоректенуін тоқтатып, ағынға немесе тоғанның жағасында судың бетінде қимылсыз тұрып қалады. Желбезегінде ноқатты қанталаулар пайда болып, желбезек ұлпасының бір жері бозарып, екінші жері қарақошқылданып, аламыш түсті келеді. Желбезектің кей тұстары өліеттеніп, шеті жырымдалады.

  • Патологоанатомиялық өзгерістер ішкі ағзаларында байқалмайды. Желбезектен гистологиялық препарат дайындап, микроскоппен қарағанда саңырауқұлақтың жіпшелері мен споралары көрінеді.Балау алдын – ала клиникалық және патологоанатомиялық белгілер бойынша (желбезектен аламыштануы және бүлінуі) қойылады. Түпкілікті диагноз микроскопиялық, гистологиялық және микологиялық зерттеулердің нәтижесіне негізделеді.Емі жоқ.

Дауалау және күресу шаралары

Бронхимикоз байқалған жағдайда судың ағынын күшейтіп, оттегімен қанығуын молайтады. Ауырған балықтарды ұстап, өлген балықтарды ұстап, өлген балықтарды жинайды. Балықтарды қолдан қоректендіруді, органикалық тыңайтқыштарды қолдануды тоқтатады. Су қоймасына үйрек пен қазды жібермейді. Судың рН көрсеткішін әк сүтін қосып 8,0 – 8,5 дейін көтереді. Балықты бір су қоймасынан екіншісіне көшіруді тоқтатып, балық аулау жабдықтарын үнемі дезинфекциялап тұрады. <ref>Семей мемлекеттік университеті ,«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау», оқу әдістемелік кешені, ПОӘК 042-14-03.01.20.9/032012ж</ref>

Дереккөздер

<references/>