Борохоро жотасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау Борохоро жотасы Жетісу (Жоңғар) Алатауының шығысындағы тау.

Географиялық орны

Батыс шеті Қазақстан аумағына енеді, қалған бөлігі Қытайда. Іле өзені мен Ебінұр көлі аралығында орналасқан. Ұзындығы 250 км, абсолюттiк биіктігі 4500 м.

Геологиялық құрылымы

Прекембрийдің және палеозой дәуірінің кристалдық, метаморфтық тау жыныстарынан түзілген.

Жер бедері

Жер бедері терең шатқалдардан тұрады, олар соңғы тектоникалық қозғалыстар әсерінен қатты тілімденген. Жотаның басында 50-ден астам мұздықтар бар.

Белдеулері

1800 м-ге дейінгі беткейлерде таулы-далалы, 1800 – 2800 м аралығында шалғынды орман белдеуі (шыршалы белдеу), одан жоғарыда альпі шалғыны мен нивальды (қарлы) белдеулер жатыр. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер