Борис Гиршевич Ерзакович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Борис Гиршевич Ерзакович (5 қазан 1908 жыл, Астана2 мамыр 1997 жыл, Алматы) — музыка зерттеушісі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1945), Қазақстан Ұлтыық Академиясының корреспонденция мүшесі (1967), өнертану ғылымдарының докторы (1966), профессор (1970).

Өмірбаяны

  • Алматы консерваториясын бітірген (1949).
  • Еңбек жолын 1931 жылы Қазақ радиосының музыка редакторы қызметінен бастаған Ерзакович қазақ халық музыкасын жинап, зерттеумен айналысты.
  • 1938 — 43 жылдары Қазақстан Халық комиссарлары кеңесі жанындағы өнер істері басқармасында музыка бөлімін басқарды.
  • 1945 — 58 жылдары Қазақстан Ұлттық Академиясы өнертану секторының меңгерушісі
  • 1961 — 68 жылдары Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі
  • 1968 — 86 жылдары осы институтта музыка бөлімінің меңгерушісі болды.

Өнертану саласындағы еңбегі

Ерзакович — қазақ музыка өнерінің тарихы туралы іргелі еңбектердің авторы. Ғалымның зерттеуінде қазақ музыка мәдениетінің барлық түрі мен бағыты (фольклоры, халық композиторларының шығармалары, Қазақстанның кәсіби музыкасы, қазақ музыкасының басқа ұлт өнерімен байланысы, т.б.) қамтылған. Ол 20-дан астам монографиялар мен кітапшалар, 200-дей мақалалар мен очерктер, Абайдың және халықтық кәсіби әнші-композиторлар, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ және басқалардың шығармаларын қамтитын 12 музыкалық-этнографиялық жинақтар жазды. Ерзакович ғылыми-зерттеу жұмыстарын композиторлық-шығармалық және ұстаздық-педагогтік қызметтерімен ұштастырды. Кәсіби музыка жанрларын дамытуға үлес қосып, вариациялар, фортепианолық пьесалар, симфониялық поэмалар мен увертюралар, сонаталар, ән, романстар мен хорлар жазды. 200-ге жуық халық әндерін түрлі оркестр, ансамбльдер мен жеке дауысқа лайықтап нотаға түсірді. “Амангелді”, “Мылтықты адам”, “Абай”, “Алма бағында”, “Шоқан Уәлиханов” сияқты спектакльдерге музыка жазды.

Марапаттары

  • Еңбек Қызыл Ту
  • Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдермен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті