Борис Владимирович Еланцев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Борис Владимирович Еланцев (14 тамыз 1905 ж., Ресей, Томск қаласы – 22 қаңтар 1977 ж., Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1944), профессор (1944), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Томск мемлекеттік университетінің медицина факультетін бітірген (1929). Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) доцент (1940), кафедра меңгерушісі (1944 жылдан), ал 1975 жылдан өмірінің соңына дейін кафедрада кеңесші, 1960–70 ж. Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің бас оториноларингологы қызметтерін атқарған. Оның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері оториноларинголия мәселелеріне арналған. Ол бірқатар арнайы емдеу құралдарын, ауыртпалық сезімді жоятын «Ринокоин» дәрісін жасап, дәрігерлік жұмыста пайдаланды; 1 авторлық куәлік алған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Борис Владимирович Еланцев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}