Борис Александрович Орлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орлов Борис Александрович (02.05.1905, Саратов қаласы – 10.8.1960, Алматы) – әнші, хормейстер. Қазақ КСР-інің халық әртісі (1944 ж).


1927 ж. Саратов консерваториясын бітірген. 1930 – 33 жылдар Мәскеудегі Немирович-Данченко атындагы музыкалық театрдың әнші-солисті. 1934 жылы пианист жұбайы В.С. Пироговамен (Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі) Қарағандыға көшіп келген. Олар шахтерлер клубы жанынан республикада алғашқы саналатын көп дауысты хорды ұйымдастырды. 1935 ж. өткен республикалық халық өнері байқауында хор ұжымы лауреаты атанды. 1938 жылы хор Мәскеу қаласында өнер көрсетті. Хордың құрамында әншілер І.Байжанов, І.Бабақов, Ж.Тоғандықов, З.Жұбатова, А.Әлиева, қобызшы Д.Мықтыбаев сынды өнерпаздар болған. Одан кейін Алматыға ауысып, Абай атындындағы опера және балет театрында жұмыс істеді. 1938 – 40 ж. Қазақ мемлекеттік филармониясының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. 1940 – 41 ж. Қазақ радиосында хормейстер, 1959 – 60 ж. Қазақ телерадиосының көркемдік жетекшісі болды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы VII-том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер