Боран Айтмағамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Боран Айтмағамбетов (1901 жылы, бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Сарыкөл болысы – 1938 жылы) – қайраткер, саяси қуғын - сүргін құрбаны.


Мәскеу қаласындағы кәсіподақтар орталық кеңесінің жоғарғы мектебінде оқыған (1929 – 30 жылдары). 1914 – 27 жылдары Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындарында, Еділ - Каспий мемлекеттік балық тресті кәсіпшілігінде, “Ембімұнай” темір жол құрылыстарында қызмет атқарды. 1927 – 29 жылдары Қызылорда қаласында тау - кен жұмысшылары кәсіподағы Орталық басқармасы төрағасының орынбасары, қалалық комитетінің мәдени бөлімін басқарды. 1930 – 33 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің бюро мүшесі және Қазақ АКСР Әділет комиссары, 1933 – 35 жылдары Гурьев округ атқару комитетінің төрағасы, БК(б)П Орал облысы көрнекті өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі, 1935 – 37 жылдары Казталов ауданың комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарды. Саяси қуғын - сүргін құрбаны. 1958 жылы сәуірде ақталды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}