Болман Қожабайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болман Қожабайұлы (1880, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы - 26.9.1972, сонда) - айтыс ақыны. 1961 жылы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған халық ақындарының конференция негізінде өткен ақындар айтысында Болман жеңімпаз атанған. Ақынның өлендері "Айтыс" (3-т.,1966), "Қаһарлы сөз қамал бұзады" (1955) жинақтарында жарияланған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Болман Қожабаев (1880, Жезқазған облысы Жезді ауданы Бала Жезді өзені бойындағы Қара адыр қыстағы – өлген жылы белгісіз) - айтыс ақыны.«Өлеңім өмір серік бала жастан, Тұлпарым сүрінбеген қия тастан. Атақты Жезқазғанның тілмарымын, Өнерлі дәстүрімен үлгі шашқан», - деп күй баптап, ән шырқаған, сүре айтыстың дүлдүлі. Әкесі Қожабай от ауызды, орақ тілді, тапқыр, айтқыш ақын болған. Бұл әулеттен Тайлақбай сынды сыбызғышы шықкан. Оның «Айрауықтың ащы күйі», «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» деген күйлері ел жадында сақталып қалған. Зейінді Болманның үлгі-өнеге алған асыл дәстүрі, тағылымды өнерпаздық мектебі осындай болған.

Болман шығарманың негізгі арқауы - туған жері Жезқазған, оның абзал адамдары. Әрі Арқа белін «солқылдата қозғап, құрыш балқытып, сел ағызған» қырандарын, әсіресе, халқымыздың ардағы, көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевты ыстық сезіммен, беріле жырлаған («Ақылы дария Қаныш ғалым, Атағы Алатаудай жұртқа мәлім. Білімнің тереңіне сүңги бойлап, Ойлаған жастайынан елдің қамын. Сан кеннің жерімдегі көзін тауып, Көмірін, марганец, жезін тауып. Қанышым берген еді қысталаңда, Ажал боп жау басына тұрды жауып»), 1944 жылдың 17 тамызы күні Балқаш қаласында мыс өнеркәсібі озаттарының 1000-нан аса адам қатысқан жиналысында Болман Шашубаймен айтысқан.

Болман мұнда халқының ұлылығы мен өнерінің сұлулығын сипаттап сөйлейді. Қасиетті, берекелі Сарыарқасын, оның «асылдан таққан алқасын» дәріптейді. Сонымен бірге жезқазғандық жырау ақындардың айтысын ұйымдастырумен де шұғылданады, төрелік жасайды, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ол Орталық Қазақстанның аса жүйрік ақындары Тайжанмен, Доскеймен, Шашубаймен, сондай-ақ замандастары Маясармен, Көшенмен, Қайыппен, Нұртазамен, Ілияспен, Ниязбен айтысты. Болман Сәтбаевпен бірге, батыр Амангелдіні, дала комиссары Әлібиді жырға қосты. Қанышпен Қарсақбайда өз үйінде кездескен, сұхбаттасқан. Қазақ КСР Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлімінде Болманның өлең жырлары мол жинақталған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}