Болат Әбжаппарұлы Жылқышиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болат Әбжаппарұлы Жылқышиев (18.9.1957 жылы туған, Сарыағаш ауданы Абай ауылы) – қоғам және мемлекет қайраткері.

Қазақ химия-технологиялық институтын (1979), Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін (1996) бітірген. Мамандығы – инженер-механик, инженер-экономист. Еңбек жолын 1979 жылы «Өндірістік құрылыс материалдары» тресінің Бадам кірпіш з-тында шебер болып бастаған. 1980 – 84 жылы Осы тресте инженер, аға инженер, бас механиктің міндетін атқарушы; 1984 – 87 жылдары Қазақстан КП]Шымкент қаласы Дзержинск (әл-Фараби) ауданы комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы; 1987 – 91 жылдары Майтоң май комбинатында партбюро хатшысы; 1991 – 92 жылдары Шымкент қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары; 1992 – 95 жылдары Шымкент қаласы Дзержинск (әл-Фараби) ауданы әкімшілігінің бастығы; 1995 – 98 жылдары Тараз қаласының әкімі; 1998 – 99 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; облыс әкімшілігінің құрылыс және коммуналдық шаруашылық департаментінің бастығы; 1999 – 2001 жылдары Кентау қаласының әкімі; 2001 – 2002 жылдары Шымкент қаласының әкімі болып қызмет атқарды. 2002 жылдан облыс әкімі. Жылқышиев облысты баскарғалы халық тұрмысын, мәдениетін көркейту, мал басын көбейту, суармалы егістік көлемін ұлғайту секілді шаруалар жүргізіп келеді.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>