Болат Әбдірахманұлы Баекенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баекенов Болат Әбдірахманұлы (21.11.1942 ж.т., Гурьев (қазір Атырау) қаласы) - қазақ, әскери қайраткер, генерал-лейтенант (1992), профессор, ҚР ҰҚК-нің бірінші Төрағасы.

1960 ж. Орал қ. ауыл және орман шарын механициялау техникасын бітірісімен Қарағанды облысы Сарань қаласына жолдамамен жіберілді. Жергілікті қалалық ДОССАФ автоклубының меңгерушісі, одан кейін автобазда автомеханик болып істеп, сонымен бірге автоклуб курсында сабақ оөткізді. Кеңес әскері қатарында мерзімді қызмет атқарды (1961 -62), 1964 жылдың желтоқсан айынан Сарань қ-лық халыққа білім беру бо- лімі мектепаралық оқу-өндірістік шеберханасының меңгерушісі болды. 1966-73 ж. комсомол және партия жұмыстарын атқарып, Сарань қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Сарань қалалық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды. 1971 ж. Қарағанды облысы комсомол комитетінің екінші хатшысы болып сайланып, Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін сырттай бітірді. 1973 ж. Қазақстан КП Орталық комитетінің шешімімен КСРО мемлекеттік кауіпсіздік комитеті Жоғары мектебінің басшылық кұрамдарын дайындау курсына жіберіліп, оны бітірген соң мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қарағанды облыстық басқармасы қарсы барлау бөлімі бастығының орынбасарлыгына тағайындалды. 1977-80 ж. Қарағанды облпартия комитеті әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Сол жылы Қазақстан КП Орталық комитетінің шешімімен мемлекет қауіпсіздік органдарына қайта жіберіліп, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы басқарма бастығының орынбасары болып тағайындалды. 1982-85 ж. КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (Мәскеу қаласы) Инспекторлық басқармасының аға инспекторы, 1985-87 ж. - мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Көкшетау облысы басқармасының бастығы. 1988-90 ж. - Қазақ КСР мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, 1990-91 ж. - мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Алматы облысы басқармасының бастығы, 1991 ж. казанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (1992 ж. шілдесінен ҚР ҰҚК) төрағасы болып тағайындалды. 1993 ж. желтоқсанынан 1994 ж. қазан аралығы - қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін атқарды. 1994 ж. қазан - 1995 қараша аралығында - ҚР ІІМ, 1997 наурызда - Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президенті Күзет қызметі бастығы болып тағайындалды. Баекенов 2001 ж. мамырында қызметінен босату және жасына байланысты ҚР мемлекеттік қауіпсіздік комитетінен запасқа шыгару жөнінде рапорт берді. Отставкаға шыққан соң ұстаздық қызметпен айналысып, Қазақ гуманитарлық заң университеті Алматы заң академиясын басқарды. Қазіргі күндері күндері ҚР Күзет ұйымы Ассоциациясын басқарады. Баекенов ҚР ҰҚК-нің Құрметті қызметкері, профессор, Сарань қаласының Құрметті азаматы. Құрмет ордені, көптеген медальдармен марапатталған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Болат Әбдірахманұлы Баекенов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}