Болат Шамғалиұлы Сарыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography

Сарыбаев Болат Шамғалиұлы (14.8.1927, Ташкент — 7.10.1984, Алматы) — музыкатанушы, қазақтың ұлттық музыка аспаптарын жинаушы әрі сол аспаптарда орындаушы, педагог, өнертану ғылымдарының кандидаты (1971).

1950 жылы қазіргі Алматы мемл. консерваториясын (Ж.Қаламбаев пен Л.Я. Эдельманның класы бойынша) бітірген. Сол жылдан осы консерваторияның ұлт-аспаптар кафедрасында қызмет етті. 1964 жылдан қазақтың көне музыкалық аспаптарын (сыбызғы, сазсырнай, жетіген, үскірік, шертер, шаңқобыз, дабыл, даңғыра, т.б.) зерттеумен шұғылданып, қазақ және орыс тілінде “Қазақтың музыкалық аспаптары” (1981, 1978) атты кітабын жарыққа шығарып, осы тақырыпқа кандидаттық диссертациясын қорғады (1971). Музыка аспабын жасаушы шебер О.Бейсенбаевпен бірге көптеген ұмыт қалған муз. аспаптардың түрлерін жасап, жетілдірді. Сарыбаев екі жүз елуден астам музыка аспаптарын жинап, оларды өзінің үйінде мұражай ретінде сақтады. Ол 1968 жылы ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырған.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. Б. Сарыбаев "Қазақтың халық аспаптары" монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың көмегімен "Қазақтың музыкалық аспаптары" әдемі альбомы жарық көрді. 2016 жылдың 5-ші қарашасында Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжіндегі қазақ халық музыкалық аспап жасау шеберханасына Болат Шамғалиұлы Сарыбаев пен Оразғазы Бейсенбекұлының аты берілді. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}